429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы су қоймаларында мұз толық қатпаған

  • 618
  • UPD: 08:40, 07.12.2019
Атырау облысындағы су қоймаларында мұз толық қатпаған

Биыл Атырау облысына қыс кеш келгендіктен өзендер мен теңізде мұз әлі жұқа. Таяз өткелдер қатқанымен терең тоғандардағы мұздың қалыңдығы адамды көтермейді. Күні кеше ғана Каспий теңізінде он балықшы ажалдан құтқарылды.

Соған байланысты облыстық төтенше жағдайлар қызметі жағалаудағы қауіпсіздік жұмысына жете мән бере бастады. Мұздың қауіпті аймақтарындағы 40 жерге арнайы белгі орнатылды. Белгілер негізінен ойын балалары мен әуесқой балықшылар шоғырланатын жерге қойылды. Сондай-ақ мектептер мен жоғарғы оқу орындарына рейдтік шаралар ұйымдастырылып, жадынамалар таратылуда.

Берік Кұрманәлиев, облыстық ТЖД бөлім басшысы:

- Мұздың қалыңдығы әр жерде әртүрлі. Кейбір жерлерде 7 см,  кежерде 5, ке жерлерде 10 см. Бұл мына жайықтың иіріміне байланысты мұз өткелдерінен өткен кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс. Соның ішінде балаларды жалағыз ата-анасыз жібермеуді, қарауды қатаң бақылауға алуды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы