423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда «114» желісіне хабарласқандардың көбі дін туралы сауал қойған

  • 653
  • UPD: 09:40, 07.12.2019
Талдықорғанда «114» желісіне хабарласқандардың көбі дін туралы сауал қойған

Талдықорғанда биыл қиын жағдайға тап болғандар үшін 114 қауырт желісі іске қосылды.  Оған 5 айда 6 мың адам хабарласты.

Көмек алғандардың қатарында Алматы облысынан ғана емес, өзге өңірлерден де қоңырау шалғандар бар. Дені дін мәселесіне қатысты сауал жолдаған. Оларға «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының теологтары жауап берді. Игі бастамаға дінтанушылардан  бөлек психологтар да жұмылдырылды. Сала мамандары телефон арқылы кеңес беріп ғана қоймай, қажет жағдайда тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Көмек сұрай келгендердің проблемаларына үңіліп шешу жолын нұсқады.

Дәурен Алдабергенов, «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі:

- 600-ден аса адам хабарласып, әртүрлі тақырыпта психологиялық көмек алды. Қауырт желі өте пайдалы деп ойлаймын. Келесі жылы дін істері комитеті бастаманы қолдап, жоба Қазақстан бойынша жалғасын табады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы