420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Documentolog-пен жұмыс істеу жеңілдей түседі

  • 647
  • UPD: 13:58, 07.12.2019

Келер жылдан бастап, құжат аламасудың біріңғай электронды жүйесінде жұмыс істеу жеңілдей түседі. Documentolog компаниясының мамандары ойлап шығарған жаңа бағдарлама арқасында құжаттарды ашу, түзеу және әріптестермен бірге бір жерден жұмыс жасауға болады. Құжат айналымын оңай әрі ыңғайлы ететін тың тәсіл қолдаушының қаржысымен қоса уақытын да үнемдейді. Жаңа қызмет түрі Documentolog Technology конференциясында таныстырылды. 

Документолог компаниясының өз тұтынушыларына ұсынатын жаңа бағдарламасы осылай аталады. Бұл Microsoft Office бағдарламалық жиынның баламасы. Оның көмегімен құжат алмасудың біріңғай электронды жүйесінен шықпай, офистік редактор бағдарламаларын қолдануға болады. Сондай-ақ еңбек өнімділігін 20 процентке дейін арттырады және компанияның кеңсе заттарына жұмсайтын шығынын азайтады. 

Бекзат Әбдірайымов, Documentolog компаниясының бағдарламалау бөлімінің директоры: 

- Қазір электронды системаны бөлек, офис редакторды бөлек қолданады. Мысалы бір документ жасаған кезде офис редактор арқылы докуметті жасап алып компюьтерге сақтап алып одан кейін системаны ашып сол жасаған құжатты сонда енгізеді. Біздің мақсатымыз осы адамдардың барлығы бір терезеде жұмыс жасауы. Бүкіл әлемдегі офистік редакторларды анализ жасап, біз соларды электрондық документ системаға енгіздік.

Жаңа офистік бағдарлама құжаттармен жұмысты жеңілдетумен қатар қауіпсіздік мәселесін де шешуге де мүмкіндік береді. Жүйе арқылы құжатқа енгізілген барлық өзгерістерді, тіпті кім қашан құжатты көшіргенін немесе компьютерге жүктегенін де бақылауға болады. Бұл компанияның ақпаратын ұрлауды болдырмайтын тиімді құрал. 

Байжан Қанафин, Documentolog компаниясының бас директоры: 

- Біздің мақсатымыз тиімсіз жұмыстарды барынша азайту.  Жаңа жүйенің көмегімен жұмыс орнынан тыс, яғни кез-келген жерде отырып құжаттарды реттей беруге болады. Қажетті мәліметті жүйеде сақтап, компьютер немесе смартфон арқылы өзгертіп, қайта жөнелту де қолжетімді. Бұдан бөлек қағазбастылықты азайтып, компанияның кеңсе тауарларына жұмсайтын қаржысын үнемдейді. 

Офистік бағдарламаны Documentolog компаниясы келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа жүйе елордадағы Documentolog Technology Conference технологиялық конференциясында көпшілікке таныстырылды. Бүгінде Documentolog құжат айналымы жүйесі мен оның өнімдерін 7000 нан аса компания тұтынып отыр. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы