375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл еліміздегі мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толды

  • 272
  • UPD: 15:26, 07.12.2019
Биыл еліміздегі мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толды

Ширек ғасыр уақытта Алматылық мәслихат депутаттары да қаланың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Қазір  көптеген мемлекеттік қызметтерді онлайн тәртібінде алуға болады.

Алматының халыққа қызмет көрсету орталықтары «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді. Соңғы екі жылда мегаполисті тұрғындар үшін жайлы ету қолға алынды. Бұл бағдарлама көп уақыт өтпей-ақ нәтижесін де беріп үлгерді. Тұрғындар серуендейтін көшелер абаттандырылып, веложолдар пайда болды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің шет аймақтарын дамытуды ұсынды. Енді Алматының индустиалды аймағында кәсіп ашамын деген кәсіпкерлердің 2-3 пайызбен несие алуына мүмкіндігі бар.  

Сергей Козлов, қалалық мәслихат депутаты:

- Қазір біз 2020 жылдың бюджетін қарастырып жатырмыз. Қала қазынасы 10 пайызға өсетінін айтқым келеді. Шамамен 600 миллиард теңге болады. Талқылау барысында көпсалалы балалар ауруханасын салу туралы ұсыныс айтылды. Ол  қабылданса қала шетінде көпсалалы заманауи балалар ауруханасы тұрғызылуы мүмкін.

Қала мәслихатының ықпалымен әлеуметтік мәселелер де оң шешімін тауып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен көмекке мұқтаж отбасылардың мәселесі күн тәртібінен түскен емес дейді мәслихат өкілдері. 

Қалдыбай Қазанбаев,  қалалық  мәслихаттың хатшысы:

- Сессия отырысында мәслихат депутаттары зейнеткерлерге, мектеп жасындағы балаларға жолда жүруге жеңілдік беру туралы шешім қабылдады. Балабақша төлемі де айтарлықтай төмендетілді. Ауған соғысына қатысқан азаматтарға қаржылай көмек көрсетіледі. Жақында желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға берілетін төлемді 150 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдадық. Қала бюджетін қарастырғанда әрдайым әлеуметтік салаға басымдық берілетінін айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы