380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО мәслихаттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне үлестерін қосты

  • 181
  • UPD: 15:49, 07.12.2019

Елімізде мәслихаттардың құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Осы уақытта мемлекеттік биліктің бұл тармағы сайлаушылар мүддесін қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті. Мерейтойға дейінгі мерзімде батысқазақстандық мәслихаттар да өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістерге өз үлестерін қоса білді.  

Аветик Амирханян  - облыстық мәслихаттың депутаты. Өзі жетекшілік ететін  кәсіпорын негізінен құрылыс заттарын шығарумен айналысады. Мысалы, қазір қалыпқа құйылып жатқан мына жиектастар көктемде қала жолдарын жөндеуге пайдаланылады. «Компаниямда жүзден аса адам  еңбек етеді. Олардың жағдайын жасауға күш саламыз. Әрине аймақ тұрғындарының әл-ауқаты да назардан тыс қалмайды. Өйткені, өзім бірнеше шақырылымда сайланған мәслихат депутаты ретінде сайлаушылар талабын мүлтіксіз орындауға міндетті екенімді ұмытпаймын» дейді кәсіпкер.  

Аветик Амирханян, облыстық мәслихат депутаты: 

- Қызмет бабымен аудандар мен қаланың әлеуметтік нысандарын жиі аралаймыз. Әрине, толғандырған мәселелер өте көп. Бірақ, олардың тез арада және оңтайлы шешімін табуына депутаттар білімі мен білігін аямайды деп ойлаймын. Өйткені, қордаланған түйткілді мәселелерді шешуге тек атқарушы билік қана емес, өкілдік органның да жауапты екені анық деп есептеймін.  

Бүгінгі күні облыстық мәслихатта 29 депутат өздеріне жүктелген міндеттерді орындап жүр. Халық қалаулыларының орташа жасы 50-де. Әйелдердің үлесі 10 процент. Өңірдегі әлеуметтік мәселелердің барлығы да түрлі деңгейдегі мәслихаттардың тікелей араласуымен шешімін тауып отыр. 

Есентай Қалиев, облыстық мәслихат аппаратының басшысы:  

- Сайлаушылардың сұраныстарына байланысты сауал өте көп. Оның есебін айтар болсақ өте көп. Бірақ негізінен а/ш мәселесін көп көтереді. Соның ішінде субсидия төлеу мәселелерін қазір депутаттар көп көтеріп отыр. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, атаулы әлеуметтік көмек, дипломмен ауылға мәселелерін негізінен осындай мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз бұл мәселелер халықтардың көкейінде жүрген, кейбір қиындықтар туғызып жүрген мәселелер.

Мәслихат мәртебесін биіктете түсу – заман талабы. Мәселен, 25 жылдық мерейтойға арналған республикалық конференцияда келер жылы жергілікті бюджеттерге 2 триллион теңгеден астам қаржы берілетіні айтылды. Ел өміріндегі елеулі шешімдер қабылданар сәтте ең алдымен мәслихат депутаттары пікірінің ескерілуі бізді қуантады дейді өңірдегі халық қалаулылары. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы