375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қайырымдылық фестивалі қорытындыланды

  • 167
  • UPD: 21:54, 07.12.2019
Елордада қайырымдылық фестивалі қорытындыланды

Еліміздің белгілі опера әншілері «Сиқырлы әуендер» деп аталатын қайырымдылық фестиваліне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан орталық концерт залында өткен шараны «Дегдар» гуманитарлық қоры ұйымдастырған. Олар фестиваль аясында жиналған қаржыны еліміздің 4 ауылындағы 315 бүлдіршінге көмек ретінде үлестірмек. Былтыр олар осы қайырымдылық шарасында 52 миллион теңге жинап, 209 балаға жәрдем берген еді. Сондықтан игі істі қолдауға атсалысқандар қатары биыл арта түскен. Солардың қатарында Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мен белгілі өнер адамдары бар. Айта кету керек, қайырымдылық мақсатта өткізілген концерттің билеттері тегін таратылды.

Лаура Ахметова, «Дегдар» гуманитарлық қорының директоры:

– Фестиваль аясында түрлі ән шырқалды. Танымал өнер жұлдыздары ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандар да, ерекше әртістер театры да өнер көрсетті. Біз осы өнер туындылары жобаға қатысқан әрбір балаға қанат бітіріп, армандарының орындалуына септігін тигізсе екен деп тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы