378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарыағаштың жұмыссыз жүрген тұрғындары «Жұмыспен қамту» көмегімен кәсіп ашты

  • 214
  • UPD: 18:09, 08.12.2019

Сарыағашта жұмыссыз жүрген талай жан «Жұмыспен қамту» бағдарламасының арқасында кәсіп ашты. Биылдың өзінде 5 мың 900 азамат екі қолға бір күрек тапты. 

360-ы қысқа мерзімді оқу курстарында оқып, 11 түрлі мамандықты игеріп шыққан. Оның ішінде  көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен пробация есебінде тұратын азаматтар да бар. 

Бабамұрат жасы 50-ден асқанда кәсіп үйренді. Кәсіби музыкант, мәдениет саласында қызмет істеген жігіт ағасы, қазір ағаш шебері. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 3 ай қысқа мерзімді курсты оқып шықты. Бүгінде өз үйінен шеберхана ашып алған. Жұрттың сұранысына сай ағаш орындық, үстел, кереует секілді  жиһаздар жасап береді. 

Бабамұрат Қалдаров, Сарыағаш қаласының тұрғыны:

- Оқыған соң керек болса ақшасын да беріп жатыр. Білмеген жерімізді мұғалімдерден, кітапты ашып қарадық. Онан кейін жұмысты қалай жүргізу, қалай істеу, оны кеңейту соларды үйрендім.

Биыл Сарыағаш ауданында тағы 15 азамат Бабамұрат секілді  кәсіп бастады.  Барлығы да қазір ісін дөңгеленіп отыр. Шаштаразшы болып жұмыс істеген  Баян Ерубаева да кәсібін өзгертті. Визажист курсын тәмамдады. Көп балалы ана бүгін бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде өзіне ыңғайлы жұмыс тапқанына қуанышты. 

Баян Ерубаева,  Ынтымақ ауылының тұрғыны:

- Көңілімнен шыққаны демалыс күні бар екен. Және кешкі 6-ға  дейін істейді сағат 10-нан бастап. Баламның бақшасына  келетін уақыт та ыңғайлы әрі жақын жер. 

Жәрмеңкеге 51 мекеме өздеріне қажетті мамандар іздеп келген. Олар еңбек етуге талапты  азаматтарға 251 бос жұмыс орны ұсынды.

Динара Динашева, Сарыағаш ауданы жұмыспен қамту орталығының басшысы:

- Жұмыс берішілердің өтінішіне сәйкес визажист,  маникюр, аспазшы, кондитер секілді замануи талаптарға сай  мамандықтар қажет деп отыр. Осы мамандарды екі жыл көлемінде оқытып, барша сұранысты орындадық.  Олар жұмыспен қамтылды,  қалғаны жеке кәсіп ашты.               

Сарыағашта жыл соңына дейін 7 мыңға тарта отбасыны жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік жоспар түзіліп отыр. 

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы