378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада цифрлы жедел әрекет ету орталығы ашылды

  • 249
  • UPD: 08:54, 09.12.2019
Қызылордада цифрлы жедел әрекет ету орталығы ашылды

«109» нөміріне қоңырау шалу арқылы облыс тұрғындары түрлі салалық 30 шақты мекеме, 40-қа жуық басқарма-департаменттен жылдам хабар ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұған дейін іске қосылған «112» бірыңғай кезекші диспетчерлік кеңсеге тек полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметі тіркелген. Ал жаңа желіге коммуналдық, ветеринарлық қызметтер қосылып отыр. Орталықтың 24 маманы сырбойлықтардан тәулігіне 3 мыңға жуық қоңырау қабылдайды. Оның 70 проценті жедел жәрдем қызметінің үлесінде екен. Цифрлы жүйе арқылы көмек сұраған азаматтардың тұрған жері спутниктік бағдар бойынша дереу анықталады. Бұл өз кезегінде экипаж жұмысын қадағалауға, сондай-ақ жалған шақыртулардың болмауына мүмкіндік береді. Орталық диспетчерлері әлеуметтік желі бойынша да арыз-шағым қабылдайды.

Ғани Тасмағанбетов, цифрлы жедел әрекет ету орталығының директоры:

– Америкадағы «9-1-1» сияқты бір телефон арқылы барлық проблема шешуге болады. Азанда кезекшілікке түскенде барлық мекемеге хабарласып, қай жерде жарық өшірілді, су қай жерде болмайды, соның бәрін біліп, халыққа айтып отырамыз. Психо-эмоционалды ахуал жақсы болсын, мынандай кезде орындалады, жедел оқиға болса, біз бағыттап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы