427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Малайзиялық Air Asia X әуекомпаниясы Қазақстанға рейс ашуды жоспарлап отыр

  • 533
  • UPD: 10:10, 09.12.2019
Малайзиялық Air Asia X әуекомпаниясы Қазақстанға рейс ашуды жоспарлап отыр

Әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы 12-ші іс-шараның (ICAN 2019) аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады ИИДМ.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ірі малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері 2020 жылдың 2 тоқсанында Қазақстанға рейс ашу бойынша жоспарларды растады.

Хабар 24 телеарнасы