375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте білім басқармасының шенеунігі жемқорлық үшін сотталды

  • 234
Шымкентте білім басқармасының шенеунігі жемқорлық үшін сотталды

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы жемқорлық үшін айыпталды, деп хабарлады ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж.Д.Базароваға қатысты тергеуді аяқтады.

Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директорының лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін оның 400 мың теңге қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденді деген күдікке ілінген. Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж.Д.Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру мен 3 млн теңге айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы