376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кувейт пен Қазақстан арасында ұшақтар тұрақты қатынайды

  • 194
  • UPD: 12:45, 09.12.2019
Кувейт пен Қазақстан арасында ұшақтар тұрақты қатынайды

Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы 2020 жылдың жазынан бастап Қазақстанға тұрақты рейстер ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады ИИДМ.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Кувейт әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.

Енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі елдің тағайындалған әуе компаниялары аптасына 14 тұрақты жолаушылар рейсін және 5-ші «әуе еркіндігі» бар шектеусіз жүк рейстерін орындау құқығына ие болды.

Сондай-ақ тараптар әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасының мәтінін алдын ала келісіп, оған қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Сонымен қатар екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшуларды орындау кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасауға мүмкіндік берілді.

Хабар 24 телеарнасы