376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы жылдары ауылдарды дамытуға 900 млрд теңге бөлінеді

  • 200
  • UPD: 15:45, 09.12.2019

Алдағы  7 жылда 3, 5 мың ауылды жаңғыртуға  900 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Яғни, 7 млн ауылдықтың тұрмыс-тірлігі жақсарады. Бірінші кезекте, инфрақұрылымы жаңартылып, әлеуметтік нысандар салынады. Биылдың өзінде 53 тірек ауылды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.  Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтқан тапсырмаларының алғашқы нәтижесі. Елордада өтіп жатқан ғылыми-конференцияда жолдау жүктеген міндеттер жан-жақты талқыланып жатыр. 2020 жылдан бастап еліміздегі барлық ауылдың 4-ші деңгейлі бюджеті болады. Елді мекендерді көркейтуге қомақты қаржы бөлінгенімен, маман тапшылығы жойылмай отыр. Елімізде жоғары оқу орындары жыл сайын 50-60 мың мұғалім даярлайтын болса, оның 10 проценті ғана ауылға барады. Аграрлық салада да сол проблема. Мемлекеттік грантпен білім алғандар шалғайдағы елді мекендерге барудан бас тартады. Конференцияға жиналғандар жастарды ынталандыру шараларын жетілдіру керектігін айтуда.

Дархан Кәлетаев,  ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

– Президент жолдауының басты ерекшелігі билік пен халық арасындағы диалог түрінде құрылғандығы.  Яғни, «еститін мемлекет» бар. Сарапшылар да бұл туралы айтып жатыр. Қазір халық тарапынан кері байланыс бар. Өздерінің пікірлерін жан-жақты жеткізуде. Президент жолдауының алғашқы нәтижелерін қорытындылап жатырмыз. Бұл орайда сарапшы мамандардың пікірі маңызды. Пікірталас арқылы алдағы уақытқа бағытымызды белгілеп алуымыз керек. Қоғам бізден не күтеді? Соны анықтап алуымыз керек. Жалпы, жолдаудан кейін бірқатар заң актісі қабылданды. Жыл аяғына дейін тағы маңызды құжаттар қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы