Ертең Қазақстандағы жастар жылы ресми түрде жабық деп жарияланады, деп хабарлайды «Хабар 24»
Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде жыл басынан бері жүзеге асқан жобалар мен атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған жиындар ұйымдастырылуда. Сондай басқосудың бірі дәл қазір елордада өтіп жатыр.
Нұршапағат Несіпбаев, тілші:
– Бүгін жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті 23-отырысы өтіп жатыр. Оған еліміздегі іргелі ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Атап айтсақ, Қазақстан жастарының конгрессі, «Болашақ» қауымдастығы, «Жасыл ел» республикалық штабы, «Ұлан-ғайыр дала елі» сияқты ұйымдардың жетекшілері сөз алып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды түйіндейді. Бұдан бөлек, бүгінгі отырыста жастар саясаты жөніндегі кеңестің келер жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.