380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ұсталған қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтеді

  • 350
  • UPD: 16:56, 09.12.2019
Гонконгте ұсталған қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтеді

Гонконгте ұсталған қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Сотын күтіп отырмыз. Тергеу жүріп жатыр. Соты келесі жылдың қаңтар айының ортасына жоспарланған. Өздеріңіз білетіндей, ол жақта көп адам ұсталды. Уақыты келгенде соты болады. Сол сотта шешім қабылданады. Адвокат таптық, туыстары Гонконгқа барды. Олармен кездесу өткіздік. Құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз», - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталғаны хабарланған болатын.

«Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған. Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оң қолының шынтағында ұстау кезінде құлаған сәтте алған аздаған жарақаты бар», - деп атап өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы