423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік 16 жастағы хакер WhatsApp арқылы емге жиналған қаражатты ұрлаған

  • 623
  • UPD: 16:55, 09.12.2019
Ақтөбелік 16 жастағы хакер WhatsApp арқылы емге жиналған қаражатты ұрлаған

Ақтөбелік 16 жастағы хакер банк есеп шотынан науқас баланың еміне жиналған 790 мың теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Tengrinews.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы сыныпта оқитын оқушы ұсталды.

Наурызда Ақтөбе тұрғыны белгісіз біреудің (балаға ота жасау үшін жиналған) банк есеп шотынан 790 000 теңге ұрлап кеткенін айтқан. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. 

«Зардап шеккен бала – жастайынан мүгедек. Санкт-Петербург қаласындағы клиникада қымбат ота жасау үшін әйел жұртшылықтан әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, өзінің жекемағлұматтары мен банк картасының нөмірін жазған. Криминалдық полиция қызметкерлері осы бағытта тергеу шараларын өткізіп, желтоқсанда Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқитын 16 жастағы оқушыны ұстады»,  - делінген полицияның хабарламасында.

Күдікті WhatsApp мессенджерімен хат алмасу кезінде әйелдің ұялы телефонына компьютерлік зиянды бағдарламалары бар электронды сілтеме жіберген. Ары қарай ақпараттық жүйеге кіру мүмкіндігіне ие болған ол паролін анықтап, жеке кабинеткен кіріп, қаражаттың біршама бөлігін ойын аккаунттарына аударған, ал қалған жартысына Bitcoin сатып алған. 

«Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр, оның басқа да осындай істерге қатысы бар-жоғы тексеріледі. Осы дерекке қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада. 

Хабар 24 телеарнасы