375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда болған өртке байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі көңіл айтты

  • 289
  • UPD: 17:13, 09.12.2019
Үндістанда болған өртке байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі көңіл айтты

 ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістанда болған өртке байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Нью-Дели қаласында орналасқан фабрикалардың бірінде орын алған өрт салдарынан адамдардың қазасына алып келген суыт хабарды күйзеліспен қабылдадық. Қазақстан достас үнді халқының орны толмас қайғысына ортақтасады. Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Нью-Делиде зауыт өртеніп, 43 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы