378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында демалыс күндері жолда қалған 130-дан астам адам құтқарылды

  • 168
  • UPD: 18:52, 09.12.2019
Ақмола облысында демалыс күндері жолда қалған 130-дан астам адам құтқарылды

Ақмола облысында өткен демалыс күндері жолда қалған 130-дан астам адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жолаушыларды эвакуациялау жұмыстары Есіл, Шортанды және Жақсы аудандарында жүргізілген. Олар жақын маңдағы жылыту бекеттеріне жеткізіліп, кейін күн ашылған соң қайта жолға шықты. Боранды күндері адасып кеткендер де бар. Өткен екі тәуліктің ішінде осындай 5 адам құтқарылыпты. Мәселен, Жақсы ауданында 47 жастағы малшы өзі тұратын елді мекеннен сағат күндізгі 16:00 шамасында жаяу шығып, ақтүтек боранда бағытынан жаңылып, далада қалған. Құтқарушылар оны тек 12 сағаттан кейін әрең тапты. Әйтеуір, дін аман.

Айта кетейік, өткен тәуліктерде Ақмола облысында боран салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылған болатын.

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облыста жол тазалау жұмыстары бойынша аздаған кемшіліктер бар. Біз бұл мәселені бүгін әкімдік отырысында көтердік. Осылайша, енді қазір жауапты мекемелерде арнайы техникалардың санын көбейтіп, жұмысшыларының кәсіби біліктілігін арттыру қарастырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы