376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында тағы бір көмір кеніші ашылды

  • 253
  • UPD: 21:50, 09.12.2019

Ондағы қор 50 миллион тоннадан асады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бастапқы кезеңде бір жылда 300 мың тонна көмір өндіру жоспарланған. Өнімнің алғашқы 30 мың тоннасы Ресей мен Түркияға экспортталды. Геологтардың айтуынша, кеніштің келешегі зор. Көмірдің сапасы жоғары. Қайнама кен орны  биыл мамыр айында іске қосылған. Кәсіпорын әлі толық қуатына шыққан жоқ. Калориясы жоғары қатты отынды шаруашылық мақсатқа да қолдануға болады.

Оскар Бүртібаев, геолог:

Кеніште 50 миллион тоннадай көмір қоры бекітілген. Барлау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ол анықталғаннан кейін  мемлекеттік балансқа қойылады. Көмірдің -Г және -Д маркасы алынып жатыр. Ол  газды әрі ұзақ жанатын түрі. Күкірттің құрамы -5, күл -6 процентті құрайды. Калориясы жағынан барлық көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Асқар Шақарғалиев, Май ауданы ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

Көмір жергілікті тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Жаңа кеніштің ашылуы ауданымызда көмір тапшылығын жойды деп сеніммен айта аламыз. Аудан орталығында көмір сақтайтын орын аштық. Халыққа 12 мың теңгеден өткізіліп жатыр. Мәселен Майкөбе көмірі бізде орташа есеппен 15-16 мың теңгеден сатылады.

Хабар 24 телеарнасы