375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Jastar Sinergiiasy» республикалық форумы басталды

  • 166
  • UPD: 22:00, 09.12.2019
Елордада «Jastar Sinergiiasy» республикалық форумы басталды

Жас стартапшылардың тырнақ алды туындыларын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзі көріп, бағасын берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

4 ай ішінде jastarsinergiіasy.kz білім беру платформасында 2000-ға жуық адам веб-дизайн, киберқауіпсіздік, онлайн қызмет көрсету, smartcity, инвесторларды тарту және сайт құрастыруға қатысты тақырыптар бойынша дәріс алған. Одан кейін өз жобаларын республиканың 17 аймағында ІТ-жобалар аллеясында ұсынды. Еліміздің әр түкпірінен барлығы 350-ден астам ІТ-жоба жиналған.

Айта кетсек, форум аясында биыл мамыр айында бастау алған жобаның 60-тан астам финалисі өз жұмыстарын көрсетті. 

Хабар 24 телеарнасы