378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудан «Менің туым – менің Отаным» атты патриоттық үгіт пойызы жолға шықты

  • 276
  • UPD: 22:29, 09.12.2019

Шара «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы және «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асуда, деп хабарлайды «Хабар 24»

Үгіт пойызы облыстың барлық аудандарын аралап, тұрғындарға медициналық және заңгерлік көмек көрсететін болады. Сосын спортшылар мен өнерпаздардың қатысуымен түрлі мерекелік шаралар өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік туды қолдану тәртібін түсіндіру Яғни қоғамдық орындарда, туристік нысандар мен сауда және ойын-сауық орталықтарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында көк байрағымызға қойылатын талаптарға тоқталу. Сондай-ақ алыс ауылдардағы ағайынға түрлі кеңестер мен көмектер қарастырылған.

Арайлым Нұғыманова, «Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Қазіргі таңда Атырау қаласында, облыста ерекше балалардың білім алуына мүмкіндік жасап жатырмыз ғой. Соны аудандарда да жасауға мүмкін екенін дәлелдеп айту үшін бара жатырмыз. Және жастармен кезедесеміз, жастарға мотивациялық тұрғыда скрининг өткіземіз.

Акция сапары үш күнге жалғасады. Осы уақыт ішінде үгіт поезы Атырау облысының 7 ауданын аралап шығуы тиіс. Сапар барысында дәрігерлер медициналық ем-дом жасап, заңгерлер түрлі кеңестер береді.

Елеубай Сапаров, «Менің Қазақстаным» үгіт пойызының жетекшісі:

- Мұның ішінде барлық дәрігерлер, спортшылар республикаға, облысқа белгілі. Барлық мамандар түгелімен қамтылған. Барлық аудандарда, разъезд станцияларда халықпен кездесіп, біздің акциямызды, қазағымыздың туын насихаттау біз үшін үлкен мәртебе. Соны біз жүргіземіз деп айта аламын.

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштіктің жарқын мысалы, азаматтықтың негізі. «Соны жас ұрпақтың санасына сіңіруге арналған жұмыстар алға қарай да жалғасын табатын болады», - дейді шараны ұйымдастырушылар

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы