419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы Жастар жылы толағай табыспен қорытындыланды

  • 908
  • UPD: 09:34, 10.12.2019

Шығыс Қазақстанда жастар жылы толағай табыстармен қортындыланды. Өңірде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасына 274 шығыс қазақстандық қатысуда.

35 жасқа дейінгі белсенді жастар қатарынан 170-тен астам адам президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысып, олардың үшеуі конкурстың үшінші кезеңіне өткен. Облыста «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 15 жас кәсіпкер жалпы соммасы 34 миллион теңгенің грантын иеленіпті. «Жас Кәсіпкер» республикалық жобасы да жемісін берді. Арнайы байқауда топ жарып, 505 мың теңге грант ұтып алғандардың бірі Айдын Серікқазин. Ол ұлттық сусыннан балмұздақ шығарғысы келеді. 

Айдын Серікқазин, жас кәсіпкер:

- Өзіміздің ұлттық сусынымыз бола тұра өзіміздің елде неге бренд болмасқа, неге осыны көтермеске? Неге әлемдік деңгейде танытпасқа? Ұлттық сусынымыздан әр түрлі өнімдер алмасқа деген мақсатпен осы кәсіппен айналысуға бел будым. Негізінен ойлап шығарған балмұздағымның 2 түрі бар, қымыздан және саумалдан жасалған. Өзім Абай елі, Абай жерінен болғандықтан келесі жылы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына жаңа туынды, жаңа өнім десем артық айтпаймын. 

Олжас Соғымбаев, Семей қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Былтырғы жылы «Жас прожект» арқылы қаламызға 20 миллион инвестиция тартылса, бүгінгі таңда Семей қаласы жастары «Жастар кәсіпкерлігі» жобасы арқылы 75 жас оқудан өтіп, оның жартысына жуығы 505 мың теңге көлемінде грантқа қол жеткізіп, алды бие сүтінен балмұздақ жасап, кәсіптерін бастап кетті.

Хабар 24 телеарнасы