378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадағы көкөніс пен жемісте нитрат көп екендігі анықталды

  • 188
  • UPD: 09:51, 10.12.2019

Қызылордада 386 тағам түрі адам денсаулығына зиян болып шықты. Ұлттық сараптама орталығы мамандары жыл басынан бері 3 мыңға жуық азық-түлік өніміне санитарлық-эпидемиологиялық талдау жүргізді.

Сапасы талапқа сай емес өнімдерді анықтау мақсатында сала мамандары кезекті рет «Қауіпсіз тағам таңда» акциясын ұйымдастырды. Жылжымалы зертхана арқылы сауда сөрелеріндегі тауарлар арнайы сараптамадан өткізілді. Экспресс-тәсілді пайдаланған тұрғындар сатып алған көкөніс, жеміс-жидектерінің көбінде нитрат басым екендігін анықтап алды. Мамандардың айтуынша агроөнімдерді тасымалдау мен сақтау нормалары сақталмағандықтан азық-түлік тез бұзылады. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған сәйкессіздіктерге қатысты жауапты тұлғаларға әкімшілік шара қолданылып, жарамсыз тағамдар айналымнан алынып тасталды. Тұрғындар арасында жедел ішек ауруларының тарауы мен тамақтан уланудың алдын алу мақсатындағы шаралар жиі өткізіле бермек. 

Айман Жанахаева, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Тұтынушылардың назарына комитеттің ресми сайты бар. Онда жүргізілген сараптама нәтижесін көруге болады. Яғни өнімнің атауын, анықталған сәйкессіздіктер бойынша толық мәлімет бар. Ол ай сайын жаңартылып отырады. Сондықтан қауіпсіз тағам таңдау базасында осы тізіліммен тұрақты танысып отыруға кеңес береміз.

Хабар 24 телеарнасы