432,17 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының әкімі Головкинге стадионды қалпына келтіруге уәде берді

  • 575
  • UPD: 11:51, 10.12.2019
Қарағанды облысының әкімі Головкинге стадионды қалпына келтіруге уәде берді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Геннадий Головкинмен кездесті. Бұл туралы облыс басшысы өзінің Facebok желісіндегі парақшасында жазды. 

«Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды. Бірге отырып Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылулықпен және қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұрады. Келесі жылы атақты «Литейщик» стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім», - деп жазды облыс басшысы.

Хабар 24 телеарнасы