413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас кәсіпкерлікті дамытуға бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлінеді

  • 413
  • UPD: 12:33, 10.12.2019
Жас кәсіпкерлікті дамытуға бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлінеді

Жас кәсіпкерлікті дамытуға бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волентер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ҚР Президенті тұрғын үй, жұмыспен қамту, сапалы әрі қолжетімді білім беру ісі қолға алынғанын айтты. Еліміздің ірі қалаларында жұмысшы жастарға 9 мың пәтер беру туралы шешім қабылданғанын еске салды.

«Оны жалға алу құны айына 15 мың теңге ғана болады. Биыл 5 мың азамат мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанды. Алдағы 3 жыл ішінде олардың саны 30 мыңға дейін көбейеді. Осыған орай республикалық бюджеттен қосымша 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлеміз. Мұнан бөлек 10 мың жас бизнесмен шағын несиенің арқасында өз өндірісін кеңейтті. Соның басым көпшілігі аудан және ауыл тұрғындарына арналды. Бұл бастамалар «Дипломммен ауылға» бағдарламасына жаңа серпін берді»,- деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы ауылды өркендетуге үлес қосқысы келетін жастарға 6 мыңнан астам жәрдемақы, баспана алу үшін 4 мыңға жуық несие берілгенін атап өтті.

«Құрылыс отрядтары жанданып, 2 мыңдай студент жұмыспен қамтылды. Осы жылы қолға алынған бастамалардың бәрі орта мерзімге арналған. «Жас кәсіпкер» және «Жас маман» жобалары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына енгізіліп, қажетті қаржы бөлінді»,- деді ҚР Президенті.

Хабар 24 телеарнасы