378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отбасыларға АӘК ретінде берілетін сүт ашып кетпей ме? – Депутат

  • 162
  • UPD: 15:37, 10.12.2019

Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап, табысы аз отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына азық-түлік пен гигиеналық заттар берілуі мүмкін.

Сондай-ақ 6 мен 18 жас аралығындағы балалраға мектепте ыстық тамақ үлестіріліп, оқу құралдары және мектеп киімімен қамтамасыз етілмек. Тұрмысы төмен отбасыларға осындай әлеуметтік көмек көрсетуді көздеген заң жобасы бүгін сенаттың әлеуметтік даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланды. Ол бойынша келер жылдан бастап 4 баласы бар отбасыларға 42 мың 496 теңге, 5 балалыға 53 мың шамасында алты, жеті балалыларға одан жоғары сомада көмек көрсету қарастырылған. Оған қоса аталған әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде беріледі. Десе де сенат депутаттары аталған заң жобасында тереңірек зерттеуді қажет ететін тұстар бар екенін айтып отыр.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы: 

- Заңмен біз қабылдаймыз. Бірақ сол іске аса ма ертең? Қала орталығында, аудан орталығында іске асар. Бірақ анау шеткері ауылдарда, өңірлерде ол қалай болады. Мысалы, сүт айына бір рет бересіздер. Ол сүт ашып кеткен сүт бола ма, қандай сүт екенін біз қайдан білеміз. Қыстың күні түсінікті, жаздың күні қалай бересіздер оны, қалай алып барасыздар? Екінші сұрақ балаларға жәрдемақы тағайындауға қатысты Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тәжірибесін қарадыңыздар ма?

Хабар 24 телеарнасы