379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жастар жылы табысты қорытындыланды

  • 295
  • UPD: 21:28, 10.12.2019
ШҚО-да жастар жылы табысты қорытындыланды

Жастар жылы Шығыс Қазақстанда да атқарылған шаруа аз емес, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасына аймақтан 274 талапты жас қатысып жатыр. Тағы 170-тен астамы Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысып, үшеуі конкурстың үшінші кезеңіне өтті. Ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында істің көзін тапқан 15 жас жалпы соммасы 34 миллион теңгенің грантын иеленді. «Жас кәсіпкер» республикалық жобасының игілігін көргендер де көп. Осы жобаның аясындағы арнайы байқауда топ жарып, 505 мың теңге грант ұтып алғандардың бірі – Айдын Серікқазин. Ол ұлттық сусыннан балмұздақ шығарғысы келеді.

Айдын Серікқазин, жас кәсіпкер:

– Өзіміздің ұлттық сусынымыз бола тұра өзіміздің елде неге бренд болмасқа, неге осыны көтермеске? Неге әлемдік деңгейде танытпасқа? Ұлттық сусынымыздан әртүрлі өнімдер алмасқа деген мақсатпен осы кәсіппен айналысуға бел будым. Негізінен ойлап шығарған балмұздағымның 2 түрі бар, қымыздан және саумалдан жасалған. Өзім Абай елі, Абай жерінен болғандықтан келесі жылы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына жаңа туынды, жаңа өнім десем артық айтпаймын.

Олжас Соғымбаев, Семей қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:

– Былтыр Zhas project арқылы қаламызға 20 миллион инвестиция тартылса, бүгінгі таңда Семей қаласы жастары «Жастар кәсіпкерлігі» жобасы арқылы 75 жас оқудан өтіп, оның жартысына жуығы 505 мың теңге көлемінде грантқа қол жеткізіп, алды бие сүтінен балмұздақ жасап, кәсіптерін бастап кетті.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы