378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін халықаралық адам құқықтары күні

  • 277
Бүгін халықаралық адам құқықтары күні

Осыдан тура 69 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия айтулы датаға орай жиын өткізді. Мұнда халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізу мәселелері көтерілді. Ал шараға қатысқан халықаралық сарапшылар Қазақстандағы адам құқықтарын қорғауға қатысты қолға алынған игі бастамаларға оң баға берді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР мемлекеттік хатшысы:

– Ұлы дала елінің мемлекеттік саясатының негізгі өзегі адам құқықтарын құрметтеуге және қорғауға бағытталғанын ерекше атап өткім келеді. Қазақ халқы ежелден халықтық демократияны ұстанған құқықтық мәдениетті тұла бойына сіңдіре отырып қарапайым адамның құқықтары мен бостандықтарын жоғары құрметтеп, бұл тетіктерді ел басқарудағы үрдістерде ішкі және сыртқы саясатта аса шеберлікпен қолдана білген.

Хабар 24 телеарнасы