423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Қазақстанда құс фабрикасының директоры айыпталды

  • 537
  • UPD: 22:13, 10.12.2019
Солтүстік Қазақстанда құс фабрикасының директоры айыпталды

Солтүстік Қазақстан облысында құс фабрикасының директоры Ерік Біләлов аса ірі көлемде субсидия қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оған кәсіпорынның бас есепшісімен бірге өндіріс көлемін қолдан екі есеге арттырып, 2016-2018  жылдар аралығында мемлекеттен 534 млн теңге заңсыз пайда тапты деген айып тағылып отыр. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің айтуынша, кәсіпкер басында қамауға алынғанымен, кейін босатылған. Былтыр кәсіпорын 130 млн дана жұмыртқа өндірген екен. Қазір осыған байланысты басқа да құс шаруашылықтарында тексеріс жүріп жатыр.

Рақым Мақажанов, облыстық ЭТД тергеу басқармасының бастығы:

– Қазір экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен ҚР ҚК 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол бойынша 5-тен 10 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы