420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да орман заңсыз оталып жатыр

  • 551
  • UPD: 22:31, 10.12.2019
ШҚО-да орман заңсыз оталып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында  соңғы үш жылда ағашты заңсыз кесуге қатысты 400-ге жуық дерек тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Орманның  оңды-солды оталып жатқаны туралы табиғат қорғау прокурорлары мәлімдеді. Сосын 2007 жылдан бері  33 мың текше метр алқап  жанып кеткен. Орман қорғаушылардың  техникалық-материалдық  жағдайлары да сын көтермейді.  Осының кесірінен мамандар орманның сиреп қалған тұстарын қалыпқа келтіре алмай жүр. Ал кесілген ағаштың көлемі жаңадан егілетін көшеттен әлдеқайда көп. Талдарды бұтап қолға түскендер азғана  айыппұл төлеп құтылады. 

Ерлан Бәденбаев, облыстық табиғат қорғау прокуроры:

– Тергеу барысында әр дерек бойынша  жеке анықтама ретінде  беріледі. Шығынды орман шаруашылығы басшылары анықтайды. Қанша аумақ жанғанын, қандай залал келгенін көрсетеді. Үйлестіру кеңесінің шешімімен жоғары жаққа хат жіберіледі.  Арнайы ақпараттық хат. Соның ішінде проблемалар көрсетілген. Сол проблеманың шешу жолдары айтылған. Ұсыныс жасалған. Заңға қандай өзгерістер енгізу қажет. 

Хабар 24 телеарнасы