376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал халықаралық әуежайы уақытша жабылды

  • 201
  • UPD: 07:30, 11.12.2019
Орал халықаралық әуежайы уақытша жабылды

Орал халықаралық әуежайының терминалы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қоса, әуежайдың ескі ғимараты да жөнделіп жатыр. Соңғы 40 жылдан аса уақыт ішінде мұнда бірде-бір рет жөндеу жүргізілмеген. Терминал толықтай жаңғырған кезде оның өткізу мүмкіндігі сағатына 300 адамға, ал жылына 300 мың адамға дейін артады. Әзірге апта сайын қатынайтын 38 әуе рейсіне 80 адамға есептелген шағын терминал қызмет көрсетуде. Қазір орал әуежайы арқылы Ақтау, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Франкфурт қалаларына ұшуға мүмкіндік бар. Жазда Анталья мен Шарм-Эль-Шейхқа чартерлік рейстер қатынайды. «2021 жылы жаңа терминал іске қосылған кезде жаңа рейстер ашылуы мүмкін», - дейді әуежай басшылығы.

Хайретдин Расқалиев, «орал» халықаралық әуежайының бас директоры:

- Толықтай жаңа қондырғылар орнатылады. Екі қабат та талапқа сай жөнделеді. Ұшу-қону жолағына 2014-2015 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір ені 65 метр, ал ұзындығы 2800 метрге дейін ұлғайды. Сондықтан кез келген ұшақ түрін қабылдауға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы