378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл 600-ге жуық ақтөбелік жедел ішек инфекциясын жұқтырған

  • 195
  • UPD: 07:29, 11.12.2019
Биыл 600-ге жуық ақтөбелік жедел ішек инфекциясын жұқтырған

Басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар дертке шалдығу көбінесе тұрмыстық жағдайда тіркелгенін айтады. Ал, инфекция негізінен базарлар мен көшедегі сауда орындарынан алынған азық-түліктен тараған. Атап айтқанда, ет-сүт, кондитерлік және өзге де тәтті өнімдер. Мамандарды әсіресе, әлеуметтік желі арқылы тапсырыспен алынатын тамақ түрлері алаңдатады. Өткені оның қауіпсіздігі мен сапасына ешкім кепілдік бермейді.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

Бір жағынан ол жақсы да шығар. Тез, арзан. Бірақ екінші жағы да бар. кім дайындайды ол тағамды? Қай жағдайда дайыпдалып жатыр? Қандай тағам пайдаланады? Ол да белгісіз. Ертең сол тағам аурудың себебі болса, ол тұлғаны қалай табамыз. Қалай оған шара қолданамыз? Ол да өте үлкен мәселе.

Хабар 24 телеарнасы