378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы кәсіпорындар жұмыс барысын толықтай цифрландырмақ

  • 200
  • UPD: 08:44, 11.12.2019
Қарағанды облысындағы кәсіпорындар жұмыс барысын толықтай цифрландырмақ

Қарағанды облысындағы кәсіпорындар жұмыс барысын толықтай цифрландырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келешекте аймақтағы кеніштер цифрландырылып, өндірістік ғаламторға көшпек. Облысқа осы бағыттағы жұмыстармен Парламент Сенатының депутаттық тобы келіп танысты. Өңірдегі маргарин шығаратын зауыт пен алтын өндіру өнеркәсібі «Модельдік цифрлық фабрика» республикалық жобасына енгізілді. Мысалы, алтын өндіру зауыты қазір жұмыскерлердің жұмысын әлдеқайда тиімді ететін автоматтандырылған жүйеге қосылған. Депутаттар қатысқан жиында еліміздің тау-кен өндіріс компанияларында 50-ден астам жобаның іске қосылатыны тілге тиек етілді. Бұл бағытқа 300 млрд теңге жұмсалмақ. Өз кезегінде сенаторлар Үкіметке ұсынылатын заңды құжаттарға толықтырулар енгізетінін мәлімдеді.

Михаил Бортник, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

- Бүгін көптеген кәсіпорын басшыларымен кездестік. Олардың ұсыныстарын тыңдадық. Көбінесе цифрлық жүйемен жұмыс жасай алатын мамандардың жетіспеушілігі айтылды. Сондықтан біз ұсыныс жасау кезінде IT-мамандарын дайындау мәселесін міндетті түрде көтереміз. Заман талабына сай еліміз алдыңғы қатарда болсын десек, мұндай мамандарды көбірек дайындауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы