378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қағып жатыр

  • 163
  • UPD: 12:33, 11.12.2019
Алматы тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қағып жатыр

Алматыдағы «Зерделi» шағын ауданының тұрғындары тұрғын үйдің қисайғанына алаңдаулы, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты тексеру үшін мемлекеттік органдар жұмыс тобын құрды.

«10 желтоқсан сағат 21:10-да ТЖД кезекші бөліміне Алатау ауданының тұрғындары шұғыл хабарласқан. «Зерделі» шағын ауданында орналасқан № 1/179 үй, 6-пәтердің иесі үйдің қисайып тұрғанын баяндаған. Осыған байланысты мемлекеттік органдардан арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы оқиға орнына шықты. Тұрғындардың пікірінше, үйдің сыртынан қарағанда қисайғаны байқалады. Қазір мамандар бұл ақпаратты тексеріп жатыр», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Уәкілетті органдардың өкілдері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы