423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІI сессиясы өтті

  • 930
  • UPD: 14:54, 11.12.2019

Жыл басынан бері Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 234 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып, 158 млн теңге көлемінде заттай және қаржылай көмек көрсеткен.

Бұл туралы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен «Қоғамдық келісім – тұрақтылық пен татулық кепілі» атты облыстық ассамблеяның 22-сессиясында айтылды. Түркістан өңірінде жүзден астам этнос өкілдері бірлікте өмір сүріп, өзара ынтымақтастықта еңбек етуде. Жергілікті ұлт өкілдерінің басын қосып, Отан іргесін бекемдеуде облыстық 11 этномәдени бірлестік пен олардың аудандық өкілдіктері жұмыс істейді. Әр этностың салт-дәстүрі, мәдениеті мен тілін дәріптеуде этномәдени бірлестіктер жанында 4 жексенбілік мектеп пен 8 жастар қанаты әрекет етеді. Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері биыл жергілікті жерлерде 170 өзекті мәселені қарап, тиісті органдарға 100-ден аса ұсыным жолдапты. Өңірде медиация институтын дамытуға басымдық берілген. Жыл басынан бері 804 дау-жанжал сотқа дейінгі тәртіппен, қоғамдық медиаторлардың қатысуымен шешілген.

Расиль Байков, Татар-башқұрт ҚБ ОФ төрағасының орынбасары:

- Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр, бұл – Қазақстанның жеңісі. Көп ұлтты болғаннан кейін біз көп тілді білуіміз керек. Баяғыда әкем: «Балам, кіммен қарым-қатынас жасасаң, сол адамның тілімен сөйле. Сонда сенен жақсы адам болмайды», деп айтқан болатын. Сондықтан татармен татарша, орыспен орысша, қазақпен қазақша, өзекпен өзбекше, мектепте немісша оқыдық. Енді ағылшынды да меңгеру керек. Әр ұлт өзінің қолынан келген үлесін қосып жатыр. Келе жатқан мерекеміз құтты болсын.

Хабар 24 телеарнасы