430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық студенттер шәкіртақы өсетіні туралы хабарды қуанышпен қарсы алды

  • 663
  • UPD: 18:49, 11.12.2019

Қарағандылық студенттер шәкіртақының өсетіні туралы хабарды зор қуанышпен қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев Үкіметке жаңа жылдан бастап шәкіртақыны 25 процентке көтеруді тапсырған болатын. Осылайша бакалавриат, магистратура, доктарантурада оқитын 130 мыңнан астам адамға қаржылай қолдау көрсетілмек. Бұл колледждерде оқитын 100 мың студентке де қатысты. 

Дарина Айтуова, Мемлекеттік техникалық университет студенті:

- Атаулы Президенттік стипендия иегерімін. Стипендияның 25 пайыз үстемесі мен үшін және менің достарым үшін үлкен ынталандырушы, үлкен мотивация болып табылады. Себебі қазіргі кезде әртүрлі шараларға қатысу, конкурстарға қатысу, оның барлығы белгілі бір ақша тұрады. Сондықтан бұл стипендия бүкіл шығындарымды жабады деп ойлаймын. 

Бекнұр Момышев, мемлекеттік техникалық университет студенті:

- Мен өзім қазір 20 мың алып жүрсем, енді маған 25 мыңдай түседі екен. Ол 25 мың жерде жатқан ақша емес, ол үлкен көмек. Мысалы, мен өзім квартирада тұрамын, ақысы 17 мың. Оны енді стипендиямен жауып тұра аламын.

Хабар 24 телеарнасы