424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумында өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісті

  • 1023
  • UPD: 20:03, 11.12.2019

Қазақстан халқының 30 процентін басқа ұлттар құрайды. Бүгінде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді ұлтаралық тіл ретінде қолданады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев осылай деді. Форум барысында мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері тіл үйренуге қатысты тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ тілін білу арқылы  жетістікке жеткендерін айтып, оның аясын кеңейтуге қатысты ұсыныстарын ашық алаңда ортаға салды. Сондай-ақ басқосуға Парламент Мәжілісінің  депутаттары, мәдениет және өнер қайраткерлері мен лингвистика саласының мамандары қатысты. 

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары: 

- Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттың қазақ тілін – мемлекеттік тіл есебінде, ұлтаралық тіл есебінде қолданатын кезі жетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «қазақ тілі таяу келешекте ұлтаралық тіл ретінде қызмет атқаруы қажет» деген сөзі бар. Міне осы жұмыстардың жүзеге аса бастағанын көрсету мақсатында осындай форумды бірінші рет ұйымдастырып отырмыз.

Ионг Мин Чу:

- Кореяда Хангокше университетінде Орталық Азия университеті бар. Сонда 3 жыл бойы оқыдым. Қазақстанды, Орталық Азияны таныстыра алатын мамандар өте аз. Сол жағдайды ойлап, маман боламын деп шештім. Қазақ тілі Қазақстанда ұлтаралық қатынас тілі бола алады деп ойлаймын. Қазақстанда көп ұлт өкілдері  тұрады. Қазақстан тәуелсіз ел болғандықтан қазақ тілінде сөйлесу керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы