379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауған соғысының ардагері 30 жыл бұрын берілуі тиіс болған медальмен марапатталды

  • 352
  • UPD: 20:00, 11.12.2019
Ауған соғысының ардагері 30 жыл бұрын берілуі тиіс болған медальмен марапатталды

Ауған соғысының ардагері 30 жылдан кейін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Семей ақпарат орталығына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Берікбол Кулов Мәскеуде өткен салтанатты марапаттау рәсімінен оралды. Күні кеше медальмен марапатталған жауынгер-интернационалистпен қала әкімі Ермак Сәлімов те кездесті.

«Марапат туралы мәлімет ұзақ уақыт РФ Қорғаныс министрлігінде құпия ақпарат ретінде сақталып келген. Тек Одақ ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін бұл деректерді алу мүмкіндігі пайда болған. Сондықтан да қазақстандық интернационалист-жауынгерлердің көбі ерлігінің 30 жыл бұрын ерекше атап өтілгенін білмеді» делінген хабарламада.

Бүгінде Берікбол Кулов үш қыз тәрбиелеп, ұзақ жылдар бойы тіс емханасында стоматолог болып қызмет етіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы