419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл мыңға жуық ақтөбелік кәсіпкерлік негіздерін тегін меңгерді

  • 588
  • UPD: 20:55, 11.12.2019

Ақтөбеде бизнеспен айналысушы жастардың қатары артып келеді. Тек биылдың өзінде қала бойынша мыңға жуық азамат кәсіпкерлік негіздерін тегін меңгерген. Ал үздік жобалары бойынша қайтарымсыз грант ұтқандар бүгінде іс бастап, көпшілікке қызмет көрсетіп жүр.

Ақылбек Жолдыбаевтың май ауыстыру орталығын құрып, іс бастағанына бірнеше айдың жүзі болды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында білім алып, кейін мемлекеттік грантқа қол жеткізген ол басты арманының орындалғанына риза. Себебі, көпшіліктің сұранысына сай, кәсіп ашуды көптен ойлап жүрген еді. Сапалы қызмет етуді басты міндеті еткен Ақылбек қазір көптеген көлік иелеріне жақсы таныс. Енді бірер жылдан кейін жөндеу орталығын ашпақ ойда. 

Ақылбек Жолдыбаев, қала тұрғыны:

- Бұл жұмыс қызық ең біріншіден, потом табысы да жақсы. Сосын специалистері көп жерде жоқ. Болғанмен де, білімі жоқ олардың. Мен мысалыға оқып алдым, 7 жыл бойы машина жөндеп келемін. Сосын осы май ауыстыру жағына кеттім. Бұл жерде өзіңе байланысты ғой, мысалыға. Мен жалға алып отырғаннан кейін өзім үшін жұмыс жасаймын.

Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында мыңға жуық азамат кәсіпкерлік негіздерін меңгерген. Алайда, 257 адамның ғана жобасы үздік деп танылып, мемлекеттік грант иеленді. Негізінен, мал, құс шаруашылығы, наубайхана, тігін және өзге де қызмет көрсетуді қолға алғандарға берілген. Енді олардың ісі бір жылға дейін бақылауда болады дейді мамандар. Өйткені қайтарымсыз гратқа бөлінген қаржы республикалық бюджеттен қарастырылған. Сондықтан оның тиімді әрі сапалы жұмсалуы тиіс.

Гүлзабира Бисембаева, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

- «Бастау бизнес» курсына біздер барлық жұмыссыз азаматтар, жас ерекшелігі көрсетілмеген бірақта, биыл жастардың қызығушылығы арта түсті. Көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасылар қатарынан, сонымен қатар мүгедек жандар мемлекеттік гранттарға қол жеткізді.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, кәсіп ашқысы келетін жастар аз емес. Қазірдің өзінде өтініштер түсіп жатыр. Бірақ оларға мемлекеттік бағдарламаға сай грант немесе несие беру келер жылға қаралған қаржыға байланысты бөлінеді.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айбек Дауытов

Хабар 24 телеарнасы