376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ломбард қызметіне өзгерістер енеді

  • 305
  • UPD: 10:39, 02.01.2020
Елімізде ломбард қызметіне өзгерістер енеді

Биылдан бастап ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеп, бекітті. Онда ломбардта заттарды сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды анықтау тәртіптері көрсетілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтық ұйымдар микронесиелеу ұйымдарына санатына жатқызылады. Осы қағидаларға сай, ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі. Ал полиция бөлімшелеріне жымқырылған мүлік пен қойылған кепіл нысанын тексеру үшін осы бюро қолжетімді болады», – деді ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев.

ІІМ өкілінің айтуынша, ұрланған заттардың көбі (зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техникалар) ломбардтарға өткізіледі. Сол себепті Ішкі істер министрлігі ұрлық жағдайларын анықтау үшін ломбардтарға өткізілген заттарды тексермек.

Хабар 24 телеарнасы