378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мереке күндері қоғамдық көліктер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

  • 222
  • UPD: 14:28, 12.12.2019
Елордада мереке күндері қоғамдық көліктер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

Нұр-Сұлтанда 16-17 желтоқсан күндері қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай келесі бағдарлардың жұмыс тәртібі күшейтіледі:

16 желтоқсан күні №2, 8, 9, 10, 12, 18, 19, 33, 40, 51, 71, 302, 303;

17 желтоқсан күні №9, 10, 12, 18, 40, 51, 302, 303.

Ал Орталық кассаның мереке күндеріндегі жұмыс кестесі төмендегідей: 15, 16 және 17 желтоқсан күндері Қошқарбаев көшесі 50/1 бойынша касса жұмыс істемейді. Қалған кассалар әдеттегідей жұмыс істейді.

Сондай-ақ қала тұрғындарын көлік карталарын RTVM-автоматтарда, 8 төлем терминалдарында, одан бөлек жылдам толтыру пункттерінде толтыра алады. Барлық өзгерістер туралы Астана LRT сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан білуге болады.

Хабар 24 телеарнасы