376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде көпсалалы ауруханалар салына бастайды

  • 204
  • UPD: 14:01, 12.12.2019
Елімізде көпсалалы ауруханалар салына бастайды

Премьер-министр Асқар Мамин Лондонда Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесіп, еліміздің денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Құжатқа сәйкес, енді 2020–2024 жылдары біздің жақта жаңа көпсалалы ауруханалар салынады. Бұдан бөлек тараптар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері салаларында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен іске асатын жобаларды талқылады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен аталған банк арасындағы ынтымақтастыққа зор көңіл бөледі. Өткен 27 жылда ірі қаржы ұйымы біздің елде жалпы құны 9 миллиард доллар болатын 260 инвестициялық жобаны жүзеге асырғанын да Үкімет басшысы атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы