381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жастар жылы қорытындыланды

  • 453
  • UPD: 13:49, 12.12.2019
Петропавлда жастар жылы қорытындыланды

Петропавлда Қазақстан халқы Ассаблеясының форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жиында этно-мәдени ұйымдардың жұмысы қорытындыланып, жұмыс жоспары жасалды. Мәселен, қоғамдық ұйымның жастар қанаты биыл 50 іс-шара ұйымдастырып, маңызды әлеуметтік жобалаларды жүзеге асырды. Салтанат барысында олардың еңбегі еленіп, көзге түскен белсенді азаматтар марапатталды. Сонымен қатар жалынды жастар жыл белгісін еріктілерге табыстап оларға сәттілік тіледі.

Сәлімхан Сәбитов, жас кәсіпкер:

– Осы жылы жастарға өте үлкен мүмкіндіктер ашылғаны дәлел. Олардың көбі өздерінің жобалаларын жүзеге асырып, солардың ішінде мен ҚР ҚХА арқасында өзім жас болғаныммен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автомектеп ашып, өзімнің ойымды жүзеге асырдым.

Хабар 24 телеарнасы