375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 10 мыңнан астам волонтер жас бар

  • 240
  • UPD: 13:50, 12.12.2019
Түркістан облысында 10 мыңнан астам волонтер жас бар

Волонтерлар жылы – Жастар жылының тікелей жалғасы іспетті. Сондықтан Жастар жылы қолға алынған шаралар келер жылы да өз жалғасын табады. Бұл –Түркістандық жастардың пікірі.

Сондықтан ерікті жастар алақандарын ысқылап, келер жылдан көп үміт күтуде. Өйткені, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2020 жылы жастар саясаты туралы кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Жаңа бағдарламада жастарға сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тетіктері жан-жақты қаралуы керектігін айтты. Сонымен қатар қазіргі жаһандық үрдістер мен жастардың сұраныстары да қамтылуы тиіс екенін ескерткен болатын. Сондықтан өңір жастары Президенттің «әрбір қазақстандық, кем дегенде екі сағатын волонтерлікке арнауы керек» деген ұсынысын да бірауыздан қолдап отыр. Айта кетейік, Түркістан облысында 500 мыңнан астам жас бар. Биыл ерікті жастардың саны 10 мыңға жетті.  Өткен жылы өңірде ерікті жастардың қатысуымен 15 млн теңгенің ісі атқарылды.

Айдана Есіркеп, 4-курс студенті:

– Қазіргі таңда Түркістан бойынша 15-тен астам еріктілер клубы бар. Олар түрлі бағытқа бөлінеді. Қайырымдылық, ұйымдастырушылық, спорттық және интеллектуалды бағыттағы еріктілер клубы. Біз оларды осы бағыттар бойынша іс-шараларға жібереміз. Келесі жылы атқарылар форумдар мен іс-шаралардың 70 пайызы еріктілер жылына арналады.

Хабар 24 телеарнасы