432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем станциясы жаңа көліктермен толықты

  • 527
  • UPD: 13:51, 12.12.2019
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем станциясы жаңа көліктермен толықты

Тәуелсіздік күніне орай елорданың жедел жәрдем станциясына су жаңа 52 көліктің кілті табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның 27-сі шұғыл көмек көрсетуге арналған реани-мобиль. Олар арнайы медициналық құрылғылармен жабдықталған.  Сондай-ақ, жол үстінде науқастың жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін жүйемен қамтамасыз етілген. Қалған 25 көлік зардап шеккендерді тасымалдауға арналған. Олардың әрқайсысы шамамен 23 миллион теңге тұрады. Еске салайық, қазір қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында 80 дәрігерлік және фельдшерлік бригада жұмыс істейді. 

Хабар 24 телеарнасы