377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК: 40 қазақстандық террорлық ұйымдардың құрамында

  • 200
  • UPD: 15:30, 12.12.2019
ҰҚК: 40 қазақстандық террорлық ұйымдардың құрамында

Қазақстанның 40 азаматы әртүрлі террорлық ұйымдардың құрамында, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұған қоса, олардың 65 отбасы мүшесі де шет елдерде жүр.  Бұл туралы ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин айтты. Арнайы қызмет өкілдері содырлар қатарындағы жерлестерімізді анықтап, оларға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Бұған қоса, ел ішінде бүлік шығарып, теракт ұйымдастыруға тырысқан 3 жағдай анықталды. Оның басы-қасында жүргендер 6 жыл мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Ресми деректер бойынша, терроризм мен діни экстремизмге байланысты қылмыстар үшін жалпы 140 адам сотталған.

Сергей Швейкин, ҚР ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары:

– Шетелдегі жерлестеріміз елге қайтудың жолын іздестіріп жүр және террорлық қылмыс үшін жазасын өтеуге дайын. Сондай-ақ, қылмыстық әрекетін жалғастырғысы келетін азаматтар да жоқ емес. Сондықтан, арнайы қызмет өкілдері оларды жіті бақылауда ұстап, тиісті шараларды қолға алады.

Хабар 24 телеарнасы