376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жастарға жалдамалы 9 мың пәтер беріледі

  • 213
  • UPD: 17:35, 12.12.2019
Қызылордада жастарға жалдамалы 9 мың пәтер беріледі

Еліміздегі ірі қалалар мен облыс орталықтарында жұмыс істейтін жастарға 9 мың пәтер беру туралы Президент тапсырмасы Сыр өңірі жастарын да қанаттандырды, деп хабарлады «Хабар 24».

Ертеңгі күнге деген сенімділікті арттыра түсу үшін тұрақты жұмыс, тұрғын үй және білім алу мәселелерін шешу маңызды. Осы ретте Мемлекет басшысының жалдау ақысы арзан тұрғын үймен қамту бастамасы жастарды ынталандыра түседі, дейді қызылордалық белсенді жастар.

Дәулет Ізбасарұлы, облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары:

– Бір жағынан бұл материалдық көмек үлкен. 15 мың теңге қазір айлыққа шаққан кезде аз мөлшерде болуы мүмкін. Мысалы облыс орталығына келіп, 60-70 мың теңге көлемінде пәтерлерді жалға алып тұрып жатса, қазір 15 мың теңге төлесе, қалғанын отбасылық материалдық құндылықтарына жұмсауға мүмкіндіктері бар.

Хабар 24 телеарнасы