380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық студенттерге Networking форматында кездесу ұйымдастырылды

  • 153
  • UPD: 20:49, 12.12.2019
Қарағандылық студенттерге Networking форматында кездесу ұйымдастырылды

Қарағандылық жастар әртүрлі саланың танымал тұлғаларымен кездесіп, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше кездесу Networking форматында ұйымдастырылған. Шараға спикер ретінде кәсіпкерлер, маркетинг саласының мамандары, спорт пен мәдениет салаларының ең үздік өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Жастар саясатының жаңа кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар жаңа бағдарлама арқылы жастарға сапалы білім беру, жұмысқа тұру, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағыттары ұсынылуы керектігін айтты.

Олжас Сүлейменов, жас кәсіпкер:

- Қазіргі кезде бағдарламалар өте көп, бірақ бір жүйеде қолдау көрсету үшін қазір жастарға жетпейтіні ақпарат. Ақпаратты қайдан аламын деп білмей жатады, егер де бір ортақ жүйе болса, ортақ бағдарлама ол жастардың ақпаратқа жету жолын жеңілдетеді. Және де бағыттардың барлығы белгілі болады. Мысалы кәсіпкер қандай конкурсқа қатысуын біледі, сол үшін ортақ жүйе қажет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы