419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да биыл 1500 жас кәсіпкер стартап жобаларын жүзеге асырды

  • 643
  • UPD: 20:59, 12.12.2019
БҚО-да биыл 1500 жас кәсіпкер стартап жобаларын жүзеге асырды

Биыл Батыс Қазақстан облысында 8 мыңдай жас мемлекеттік бағдарламалар аясында екі қолға бір күрек тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Jas project» жобасы мен «Жас кәсіпкер» бағдарламасының  нәтижелері көңіл көншітерлік. Шағын несие мен гранттарға қол жеткізген 1500 жас кәсіпкер өз стартап жобаларын жүзеге асыра бастады. Жастардың озық тәжірибесін кеңінен насихаттауда коворкинг орталықтарының да көмегі зор. Жастар жылының басты жетістіктері осындай.

«Президент келер жылдан бастап шәкіртақы көлемін 25%-ке ұлғайтуды тапсырды. Бұл да бізге үлкен көмек. Жастарды сапалы біліммен қамту, жұмысқа орналасуына жағдай жасау және бос уақытын тиімді өткізу басты міндет. Алдағы еріктілер жылынан да күтеріміз көп», - дейді батысқазақстандық жастар.

Нұрхат Ораш, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а.:

- Волонтерлар жылының тағы бір ерекшелігі – республика бойынша qazvolunteer.kz деген жаңа платформа ашылып жатыр. Бұл жерде студент волонтерлеріміз сабақтан тыс уақытта волентерлік қызметті атқарып, сол үшін қосымша қаражат алуға үлкен мүмкіншіліктері бар. Осындай жобаларымыз біздің өңірде де тіркеу сатысында. Келер жылдан бастап бұл жоба біздің өңірімізде де толық жүзеге асырылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы