425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бақытжан Сағынтаев «Алматы 2050» стратегиясының үш қағидасын ұсынды

  • 481
  • UPD: 23:02, 12.12.2019

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Kazakhstan Urban Conference-2019» іс-шарасында «Алматы 2050» стратегиясының қоғам мен сарапшылардың талқылауынан өткен нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімнің айтуынша, шаһар алдағы уақытта жаңа экономика, жаңа кеңістік пен жаңа коммуникациялар бағытында дамиды. Қазір қала экономикасының 35%-і сауда-саттықтың еншісінде. Ал, жаңа экономика креативті индустрияны, ақпараттық технология мен туризмнің үлесін арттыруды көздейді. Полиорталықтандыру біртіндеп жүзеге асып, өмір сүрудің жоғары стандарттары барлық аудандарда қамтамасыз етілетінін айтты. Үшінші қағидасы – қала өміріндегі ең өзекті мәселелер конструктивті қоғамдық диалог арқылы талқыланады. Жалпы 21 қарашадан бері стратегияның жобасына қатысты мыңнан астам ұсыныс түсіпті. Олардың дені көлік инфрақұрылымы, экология және қала архитектурасы жайында. Сарапшылар мен қоғамның пікірі ескеріліп қайта толықтырылған Стратегия қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылады.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Бізге түскен барлық ұсыныстарды бірнеше санатқа бөлдік. Тұрғындар тарапынан сайт арқылы келген 130-ға жуық өтініш стратегияның қорытынды жобасында ескерілді. 200-ден астам ұсынысты мемлекеттік органдарға жолдадық. Ол мәселелер зерттеліп жатыр. Ал тағы жүзден астам талап-тілек тез арада шешілуі үшін «Open Almaty» жүйесіне тіркелді.

Елена Ерзакович, қалалық көлік саласындағы халықаралық сарапшы:

- Біздің бензиннің сапасы еуропалық қалалардағы бензиннен өте төмен. Сондықтан қоғамдық бақылауды арттыру қажет. Қаржыландыруды көбейтіп, жанармай құю бекеттерін жиі тексеруміз керек. Бизнес мораторийді алға тартады. Бірақ адамдардың денсаулығы одан да маңызды. Біз күн сайын бұның зардабын тартып жүрміз. Әсіресе, автомобиль түтіндерінен балалар қатты зиян шегеді.

Хабар 24 телеарнасы