430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» агенттігінің 4 қызметкері ҚХА-ның мемлекеттік және қоғамдық наградаларын иеленді

  • 541
  • UPD: 22:15, 12.12.2019
«Хабар» агенттігінің 4 қызметкері ҚХА-ның мемлекеттік және қоғамдық наградаларын иеленді

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтар арасындағы ынтымақтың нығаюына зор үлес қосқан бірқатар азаматты марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік және қоғамдық наградаларға ие болғандардың арасында «Хабар» агенттінің 4 бірдей қызметкері бар. Атап айтсақ, Агенттіктің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин мен «Kazakh TV» арнасының директоры Майя Бекбаеваға «Бірлік» алтын медалі табысталса, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев пен «Хабар 24» арнасының бас редакторы Бақытжан Омар «Мейірім» төсбелгісінің иегері атанды. Бұдан бөлек, тағы ондаған азаматқа құрмет грамоталары табысталды.

Хабар 24 телеарнасы